Шығыс Қазақстан облысында өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті

"Ақпанның 13 мен 19 аралығында облыста өткір респираторлық вирусты инфекциямен ауыруға қатысты 8814 оқиға, ал тұмаумен ауыруға қатысты 40 оқиға тіркелген. Оның алдындағы аптамен салыстырғанда облыста өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті.

Жалпы ауырғандардың 59,6% 14 жасқа дейінгі бала (5251 оқиға).

Өткен аптада 215 адам ауруханаға жатқызылған.