Шығыс Қазақстан облысында полицейдің кінәсінен жол көлік апаты болды, соның салдарынан екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жол көлік апаты Алматы - Өскемен тас жолында болған. "Тойота-Карина" көлігінің тізгінінде отырған 36 жастағы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің "Күзет" арнаулы күзет қызметі басқармасының батальон командирінің орынбасары жолдың қарсы бетіне шығып, "ВАЗ-2107" маркалы көлікпен соғылған. "ВАЗ-2107" көлігінің жүргізушісі, Жаңғызтөбе аулының 46 жастағы тұрғыны мен осы көліктің жолаушысы, 53 жастағы Қапан-Бұлақ аулының тұрғыны оқиға болған жерде көз жұмды. "ВАЗ-2107" көлігіндегі жолаушылар - бір еркек пен бір әйел және 12 жасар бала - Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Тойота" көлігінің жүргізушісі көптеген жарақаттармен Аягөз қаласының ауруханасына жеткізілді.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қытысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-тармағына сәйкес (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысының ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті