Шығыс Қазақстан облысында православиелік шіркеу өртенді

ТЖМ мәліметінше, Риддер қаласында 24 қаңтарда 3 сағат 57 минутта "Приход Богородицы в честь иконы "Нечаянная радость" храмы діни бірлестігінің православиелік шіркеуінде өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 05 сағат 40 минутта шоғырландырылып, 10 сағат 40 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен 19 адамының күшімен сөндірілді.