Шығыс Қазақстан облысында қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Қаңтардың бірінші онкүндігінде ауаның температурасы түнде 21 - 26 градусқа дейін, кей жерлерде 31 градустан 32 - 37 градусқа дейін, тіптен кей жерлерде 42 градусқа дейін төмендейді; ал күндіз 10 - 15 градустан 32 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 22 - 28 градус аяз болады деп күтілуде.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы 18-ден 23 градусқа дейін, кей жерлерде 28 градусқа дейін ауытқиды деп болжануда.

Ай бойы жиі боран болады деп күтілуде. Бірінші онкүндіктің соңында батыс бағытындағы желдің күші секундына 15 - 20 метрге дейін жетуі мүмкін.