Шығыс Қазақстан облысында "Қақпан" іс-шарасын жүргізу барысында іздеудегі 16 көлік табылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қақпан" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген бір апта ішінде 58 көлік тұрағы, 60 гараж кооперативі, 91 техникалық қызмет көрсету орындары, 109 жеке меншік көлік шеберханасы, 6 көлік сататын базар, сондай-ақ 93 қосалқы бөлшектер сататын орындар тексерілген.

"Сондай-ақ "қақпан" көліктерін қойып, 40 іс-шара жүргізілген". Нәтижесінде Семей аумағында бір көлік ұрлығы ашылған",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Іс-шара жүргізілген уақыт ішінде барлығы 11 көлік айдап әкету дерегі тіркеліп, оның 9 ашылған. Бұрын жасалған 7 көлік айдап әкету дерегі ашылған. Сондай-ақ бұрын жасалған 28 мүлік қылмысы, соның ішінде 9 көлік ұрлығы ашылған, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті