"Облыстағы осындай кәсіппен шұғылданатын 14 кәсіпорынның жетекшісі облыстық әкімдіктің меморандумға қол қою жөніндегі бастамасын қолдады. Оның мақсаты жергілікті атқарушы билік органдары мен кәсіпкерлердің күшін біріктіре отырып, қара және түсті металл сынықтарын жинау нарығындағы қылмыстық ахуалды төмендету және стратегиялық маңызы бар мүлікті ұрлаудың жолын кесу болып табылады", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.
"Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін лицензия иелері кәріз жүйесі люктерінің қақпақтарын, байланыс желісінің кабельдерін, шойын секциялар, қоршаулар, жол шойындары, темір жолдың элементтері мен жылжымалы құрам бөлшектерін пайдалануға қабылдаудан бас тартуға міндеттеме жүктеп алды, бұл ұрланған заттарды сату нарығына шығу жолын жабуға септігін тигізеді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.