Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" кен орнында жұмысшы мерт болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Риддер қаласындағы Риддер тау-кен байыту комбинатының Риддер-Сокольный кен орнында 3-сәуірде 14 сағат 15 минутта бір кенші кен шығару жұмыстары барысында абайсызда өз үстіне тау тыныстарын түсіріп алды. 43 жастағы ер адамды тау-кен саласының құтқарушылары жер бетіне шығарып, ауруханаға жеткізгенімен, кешікпей ол ауруханада қайтыс болды.

Оқиға орнында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің "Кен" РМК тау-кен құтқарушыларының тобы жұмыс істеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті