Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның ахуалын бақылау жөніндегі зертхана құру жоспарлануда

"Зертхананың жаңа құрылғылары ауаны ластайтын заттардың жалпы салдарын анықтап, Өскеменнің экологиялық проблемаларына мүлдем басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді",- деп түсіндірді департаменттегілер.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, 20 маман-экологтар ауаға, топырақ қабаты мен суға тәуелсіз талдау жүргізуде. Қазір мұндай сынақтарды тек Шығыс Қазақстан облысының гидрометеорология орталығының қызметкерлері ғана жасайды. "Жаңа мәліметтер өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін төлемдірінің көлемін қайта есептеуге мүмкіндік береді",- деп түсіндірді департаменттегілер.

Облыстық гидрометеорология орталығының мәліметтеріне сүйенсек, "Өскеменде 2-ші деңгейлі ауа райының бұзылуы жетінші тәулік бойы байқалуда. Желдің нашар соғуы мен ауаның нашар желдетілуіне байланысты кәсіпорындарға өндіріс салмағын төмендету туралы, қала тұрғындарына көшеде жүруді шектеу туралы нұсқама берілген".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті