Тұжырымдаманы облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірледі.
Баспасөз қызметінен атап өткендей, қуатты үнемдеу жөніндегі тұжырымдама кешенді құжат болып табылады, ол 2007 - 2024 жылдарға арналған Қазақстанның тұрақты дамуға өту Концепциясын жүзеге асыруға қатысты 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен және Қазақстан Республикасының "Қуатты үнемдеу туралы" заңымен толық сабақтас. Бағдарламаны орындаудың бірінші кезеңі 2007 - 2010 жылдарға есептелген.
Концепция облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. "Аталмыш жобаны жүзеге асыру жылу-энергетикалық кешен нысандарына түсетін салмақты төмендетуге және де әлеуметтік проблемаларды шешуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тұтынушыларды есепке алу жүйесі құралдарымен қамтамасыз ету және қуат тасымалдаушылардың шығынын коммуналдық-тұрмыстық сектордағы қуатты үнемдеуді жүзеге асырумен қатар реттеу қуат ресурстарына деген қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Облыстың ірі кәсіпорындарының қуатты үнемдеу шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 117 007 млн теңге көлемінде бағаланып отыр. Электр энергетикасы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдардағы күтіліп отырған отын үнемділігі: электр қуатында - сағатына 391 943 млн кВт, жылу энергиясында - 53 955,3 мың Гкал, отын - 26 877,7 мың тоннаны құрайды.