Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2016 жылғы 17 қарашада Алматы уақытымен 08.14.01 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 904 шақырымда орналасқан», - делінген хабарда.
Сейсмологтардың мәліметтерінше, магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының аумағында болған.
Бұл ретте, ШҚО ТЖД ақпарынша, шекара маңындағы ауданда, Ақжайлау ауылында, Матабай ауылында, Мойылды ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілген.