Бөлімнің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің инспекторларымен бірлесе отырып балықтардың уылдырық шашатын кезінде браконьерлікке тосқауыл қою рейдтерін жүргізу барысында Марқакөл көлінің қорық аймағында Қызыл кітапқа енгізілген балықты заңсыз аулағандары үшін Күршім ауданының екі тұрғынын тұтқындады. "212 кг ускуч балығы алынды. Мемлекетке келген шығын 694 592 теңгені құрап отыр", - деп атап көрсетті полиция қызметкерлері. Олар, сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті