Шығыс Қазақстан облысында салық төлеуден жалтару дерегі бойынша "Қазақмыс" корпорациясының филиалына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері "Қазақмыс" корпорациясының филиалы "Востокцветмет" өндірістік бірлестігіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214 бабының 1-тармағы (кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өндірістік бірлестікке жоспарлы тексеру жүргізу барысында кеден ісі саласындағы заңнаманы бұзуға бағытталған "керамикалық сүзгіш материалдардың 690 данасын импорттау барысында ЕурАзЭҚ СЭАБ ТН квалификациялық кодын дұрыс тағайындамау дерегі бойынша кедендік баж салығын төлемеу дерегі" анықталған. Тауарды дұрыс декларацияда көрсетпеу салдарынан мемлекеттік бюджетке 9 млн 463 мың теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген.