Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Т.Абайділдин 265 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, "Асар" партиясының мүшесі Алдияр Әубәкіров 31 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 318 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 308 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 12 бюллетень жарамсыз деп танылды.