Шығыс Қазақстан облысында сот адамды тірідей өртемек болған тәртіп сақшыларына қатысты үкім шығарды

"23 ақпан күні 6 сағат 30 минутта Глубокое кентіндегі аудандық ауруханаға денесі күйіп, басынан жарақаттанған Ордабаев есімді азамат келіп түскен. ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралырыың барысында мынадай жайтты анықтады: 23 ақпанға қараған түні Глубокое ауданының "Ертіс" шахтасының маңында үш полиция қызметкері мас күйінде Ордабаевты соққыға жыққан. Бұдан кейін олар оның үстіне жанармай шашып, от жіберген", -дейді баспасөз қызметіндегідер.

"Сот-медициналық сараптама құжатына сәйкес, жәберленушінің беті, мойны, кеудесі, іші, иығы мен аяғының 35% күйіп қалған. Бұл адамның өміріне қатер төндіретін, денсаулығына аса ауыр зиян келтіру белгілеріне жатады", -дейді ІІД-дегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жуырда Глубокое аудандық ІІБ-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот жұртшылық алдында жариялы түрде өткізілді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-тармағы; 103-бабының 2-тармағы; 315-бабының 4-тармағы бойынша айыпты деп танылды.

Сот үкімімен С. Ойкенов 4 жылға, Р. Жаханов 2 жылға, С. Жоламанов 1,6 жылға жалпы тәртіптегі абақтыда жазасын өтейтін болып бас бостандықтарынан айрылды.