Шығыс Қазақстан облысында судья пара алғандығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен қалалық сотының үкімімен Риддер қалалық сотының судьясын 10 мың теңге көлемінде пара алғандығы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасында қарастырылған "пара алу" қылмысын жасады деп танып, мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 3-тармағының "а" тармақшасы бойынша (экономикалық контрабанда) "Майқапшағай" кеден бекетінің маманы, кеден қызметінің капитанын және "Майқапшағай" мал дәгерлік-бақылау бекетінің маманы-мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторын мүліктерін тәркілеумен 3 жыл және 6 айға бас бостандықтарынан айырды. "Жоғарыда көрсетілген тұлғалар қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, және де Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына шошқа әкелуге тыйым салынғандығын біле тұра, республикаға күйдіргі індетін жұқтырған шошқаларды әкелген",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті