Шығыс Қазақстан облысында тағы да көпір құлады

Арнасынан асқан су көпірді бір түнде құлатқан. Салдарынан, жағада орналасқан бүтін бір ауыл көрші елді мекендермен байланысты үзіп алды. Енді Тишинский ауылының тұрғындары жақын маңдағы дүкендер мен дәріханаларға жету үшін 10 шақырым жолды айналып өтуі қажет. Ал құлаған көпір 70 отбасының жалғыз күре жолы болыпты. Айта кетейік, бұл – өңірде тасқыннан тас-талқаны шыққан 4-ші көпір. Атқамінерлер су арнасынан қайтқанда ғана аспа жолды қалпына келтіре аламыз деп отыр. Оған дейін жергілікті тұрғындар біраз қиындық көретін болды.


Сергей Хитев, Тишинский ауылының тұрғыны:

-Қоғамдық көліктер біздің ауылға мүлдем қатынамайды. Енді 10 шақырым жолды жаяу жүріп өтетін болдық. Қайтерімізді білмей отырмыз.

Loading...