Оның ақпараты бойынша, қауымдастық қоғамдық ұйымының мәртебесіне ие болғандықтан пайда табуды көздемейді. Басты мақсат - денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина білімін жетілдіруге, тұтынушыларды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге атсалысу.
Жаңа бірлестік денсаулық сақтау жүйесінде және нақты медициналық ұйымдарда экономикалық және басқару үйлесімділігінің ортақ стандарты мен нормаларын қарастыру және енгізу үшін сараптама жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ қауымдастық, пациенттің өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда білікті кеңес беріп және пациенттің сұрауы бойынша тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізеді. Сонымен қатар, әкелікті анықтау, әскер қатарына шақырылғандар мен әскери қызметкерлердің асырап алатын баланың денсаулығын анықтау, емделуге және тексерілуге жұмсалған қаражатты бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу жоспарланған.
Т. Әділхановтың хабарлауынша, қоғамдық ұйым тәуелсіз медицина сараптамасы және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқытарын қорғау мәселелелері бойынша семинар, конференция өткізуге жағдай жасайды.