Шығыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды; зардап шеккендер жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

"Бесқарағай ауданы Семеновка ауылындағы жанармай тарату бекетінің маңында сәрсенбі күні таңертең Өскемендегі коммуналдық-қазыналық кәсіпорынның Ми-2 тікұшағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін Өскеменнен Ақтөбеге қарай ұшып шыққан жерінен апатты жағдайда қонды",- деп хабарлайды мекеме.

Тікұшақ қозғалтқышы істен шығуға байланысты қонуға мәжбүр болған. "Қозғалтқыштың істен шығу себептерін анықтайтын арнаулы комиссия келгенге дейін тікұшақ қонған жерінде қала бермек. Тікұшақ күзетке алынды",- деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті