Риддердің екі тұрғыны қала маңы мен Глубоковский ауданы Тарханка ауылының маңында кене шағып алу салдарынан жапа шексе, тағы біреуі Өскемен тұрғыны. Олардың бәрі де ересек адамдар.
Департаменттің хабарлауынша, науқастар кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин еккізбеген. Қазір олар ауруханада арнаулы ем қабылдауда.
Жалпы алғанда 28-наурыз бен 29-мамыр аралығында кене шағып алуға байланысты облыстың емдеу мекемелеріне 1872 адам көмекке жүгінген (2006-жылдың осы мерзімінде 1294 адам болған).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті