"Бүгінде Өскемен, Семей қалаларының шыға берісінде инвесторларды тарту арқылы ауыл шаруашылық өндірушілердің өз өнімдерін сата алатын қосымша 3 көтерме сауда базарын салу жоспарлануда", - деп түсіндірді облыс әкімдігіндегілер.
Өскеменде сондай-ақ, 5 гектар жерде құны $5 млн асатын жылыжай шаруашылығының құрылысы жүргізілуде.
"Ресей және Қытай шекараларында орналасқан кедендік тексеру бекеттерінің территорияларында 4 шекгарааралық сауда орталықтың құрылысы жоспарланған. Ет және сүт сататын нүктелерін құру бағдарламасы негізінде қосымша бордақылау алаңдары және 8 сүт-тауар фермасын құру жобасы қаржыландырылды", - деді шенеуніктер.