Шығыс Қазақстан облысында үстіміздегі жылы аудан орталықтарының бас жоспарын әзірлеу жоспарлануда

"2007 жылы Өскемен мен Үржар қалаларының бас жоспарын әзірлеуге қаржы бөлінген болатын. Үстіміздегі жылы біз Глубокое аулының бас жоспарын аяқтауды жоспарлап отырмыз",- деп хабардар етті Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала салу басқармасының бастығы Александр Ширшов.

А. Ширшовтың айтуынша, "Өскемен мен Семей қалаларының сырт бейнесі шұғыл жаңалауды қажет етеді. Бей-берекет салынған құрылыстар облыстың басты екі қаласының кескін-келбетін кетіріп жіберген".

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, 20 жылда облыс орталығы құрылысының бас жоспары болмаған. Оны әзірлеуге 4 жыл кетті. Жоспар 2010 жылға дейін есептелген. Оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруға жыл сайын 150 млн теңге бөлінетін болады.