Шығыс Қазақстан облысында ұзақ уақыт бойы жылжымайтын мүлікке қатысты қитұрқы әрекеттермен шұғылданып келген алаяқтар тобы ұсталды

Баспасөз орталығының ақпараты бойынша, ұйымдасқан топ құрамында полицияның учаскелік инспекторы, нотариус, адвокат пен қозғалыссыз мүлік орталығының қызметкері енген.

Қылмыстық топ пәтерді меншіктену құқығын жалған адамдардың атына заңсыз рәсімдеп, артынан бұл пәтерлерлі сатып, ақшасын иемденіп отырған. Алаяқтар көбінесе қарт адамдарды тақырға отырғызып келген.
Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде бұл топтың алаяқтық әрекеттеріне байланысты 5 дерек әшкереленді. Жалпы шығын көлемі 5 млн. теңгеге бағаланды.
Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің ірі көлемдегі алаяқтық жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.