Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 15 адам тіркелді

Оның айтуынша, әсіресе Өскемен, Риддер және Зыряновск қалаларында індетті жұқтыру оқиғасы жиілей түскен. Қазіргі жағдаймен Семейде ВИЧ індетін жұқтырған 27 адам тіркеліп отыр. Олардың 21-і есірткіні инемен қабылдаушы нашақорлар болса, бес адам жыныстық жолмен ал 1 адам қан тапсыру барысында індет жұқтырған.

2004-жылы 16360 Семей тұрғыны, соның ішінде 694 шетел азаматы ВИЧ/СПИД жұқтыру жағдайына қатысты тексеруден өтті. Соның нәтижесінде үш адамның індетті жұқтырғаны анықталды, дейді А.Жандыбаев. 2005-жыл басынан бері 2 мың 54 адам тексеруден өтті. Олардың арасынан вирус жұқтырғандар шыққан жоқ.
Жалпы еліміз бойынша қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған 4 мың 696 адам тіркелген, олардың 31-і 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер.