"Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрліктері арасындағы келісімге сәйкес, маусымның 9 мен 11 аралығында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының басқарушы органдары, РФ Қарулы күштерінің 2-ші армиясы мен Приволжск-Орал әскери округі штабтарының оперативтік топтарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығулар "Шығыс" әскери полигонында өткізілуде. "Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы әскерлерді екі елдің бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне сай пайдалануды бірлесе жоспарлау жөніндегі екі жақты келісімнің аясындағы бірлескен операцияларды дайындаудың бір кезеңі", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Оқу-жаттығулар аяқталатын 11 маусым күні оған Қазақстан қорғаныс министрі Даниял Ахметов пен РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков қатысады деп күтілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.