Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы - Защита бағытындағы № 36 жолаушылар поезін Бородулиха ауданының Ауыл бекетінде кедендік тексеру барысында "Теміржол" кеден күзетінің қызметкерлері от жағылатын вагоннан тауар салынған үш сөмке тапқан.
"Заттар үш Ресей азаматшасына тиесілі болған және де кедендік тексеруден жасырылған. Жауап алу барысында әйелдер тауарларды жеке тұтыну үшін және туысқандары үшін алматы базарларынан сатып алғандықтарын түсіндірді",- деді кеден қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, тәркіленген заттың жалпы құны 196,3 мың теңгені, сөмкелердің жалпы салмағы - 100 кг құрап отыр. "Ресей азаматшаларынан тәркіленген тауардың жалпы бағасының 1000 айлық есептік көрсеткішттен аспағандығын ескере отырып, аталмыш заң бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 427 бабы бойынша, яғни Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарды кедендік бақылаудан жасыру деп танылды",- деп қорытындылады кедендіктер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті