Шығыс Қазақстан облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды

Әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың бұйрығымен Бородулиха ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл қызметке ҚР үкімет басшысы кеңсесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас инспекторы лауазымында болған Темірғали Әбілмәжінов тағайындалды.