Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергеневтің бұйрығымен ШҚО мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау (МСББ) басқармасының бастығы қызметіне Қайрат Мүкеев тағайындалды.
Бұған дейін ол мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау (МСББ) басқармасы департаменті директорының орынбасары болған.
Аманбай Нұркенов ШҚО сәулет және құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол бұл департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған.