Шығыс Қазақстан облысында жаңа көтерме сауда базары ашылды

"Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасының өсуі барасында ауылдық көтерме сауда базарының ашылуы елеулі оқиға болып отыр. Ұсақ көтерме сауданың өзі бағаның өсуіне байланысты жағдайды реттеуге аз да болса себепші",- деп тап өтті баспасөз қызметіндегілер.

"Егер аудан орталықтарындағы дүкендерде бірінші сұрыпты ұнның бір килограммы 68 теңге тұрса, көтерме сауда базарында оны 60 теңгеге сатып алуға болады. Мұнда қант 15 - 20 теңгеге, түтік кеспелер 10 теңгеге арзан. Тұрмысы төмен адамдар бұл айырмашылыққа үлкен мән береді",- деп атап көрсетті әкімшіліктегілер. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қотан-Қарағайда ашылған жаңа базар осы аудандағы азық-түлік тауарларын сататын алғашқы көтерме сауда базары болып отыр". Базарды ашу бастамасын жергілікті "Жастабан" ЖШС көтерген.

"Жаз бойы жұмысшылар көптеген жылдан бері қолданыссыз тұрған бұрынғы жеміс-жидек сақтау қоймаларының ғимараттарын тазалап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қазір олар нормаға келтірілген, ол азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі кәсіпорындарға қойылатын талаптарға сай. Көтерме сауда базарының жалпы алаңы жүздеген тонна тауарды қабылдау мүмкіндігі бар",- деді "Жастабан" ЖШС директоры Қайрат Ахметов. Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта азық-түлік өнімдерінің бірінші топтамасы жетекізілгендігін хабарлады. "Бұл тек басы ғана - жақын арада тауар түрлерін кеңейтеміз",- деді ол. Сонымен қатар, кәсіпорын көктемнен бастап қойма маңынан тауарларды бөлшектеп сатумен айналысатын дүкендер ашуды жоспарлауда. "Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бағаларының көтерме бағадан көп айырмашылығы болмайды",- деп атап өтті Қайрат Ахметов.