Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп тапсырылды

"Ескі мектептің ғимараты апатты жағдайда тұрған, кластардағы төбе ағаштармен тіреліп тұрған. Ал жаңадан салынған мектеп ғимараты қазіргі заман талабына сай келеді", - деген ақпаратты баспасөз қызметі берді.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ғимарат 150 адамға арналған. Қазір мектепте 80 бала оқытылып жатыр. Дәрістер кабинеттік жүйе бойынша жүргізіледі. Информатика кабинеті жаңа 12 компьютермен, ал шеберхана тұрмыстық үй техника және тігін құралдарымен жабдықталған.