"Мектеп-интернат 20 орынға арналған. Мектеп ашылып ауданда 9 адам жұмыспен қамтылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Жаңа интернат бұрынғы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Оқу ордасы толығымен көрнекті құралдармен қамтамасыз етілген. Онда компьютерлік және лингофондық кабинеттер, барлық тұрмыстық техникамен жабдықталған дем алу бөлмесі бар.
"Аудандық бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінді. Жаңа білім беру мекемесін ашу арқылы, біздер шалғайда жатқан ауылдың балаларына сапалы білім бере алатын боламыз ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.