Шығыс Қазақстан облысында жасырын ойынхана мен заңсыз ойын автоматтарының залы анықталды - облыстық ІІД

"Басып кірген кезде ойынхананың 10 қонағы болған. Сыбайласқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде фишкаларды, ойын карталарын, 200 мыңнан астам теңге және 3 мың доллар қаржы тәркіледі. Ойынхана Өскеменнің сауда үйлерінің бірінде орналасқан болып шықты", - деп құлағдар етті баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Зыряновскідегі қалалық полиция бөлімінің жанындағы бұрынғы МАИ-дың ғимаратында 14 ойын автоматы бар заңсыз зал анықталды. Залда 5 адам болған.

"Күзеттің және бейне бақылау жүйесінің болуына қарағанда астыртын бизнес ауқымды көлемде жүргізілгенге ұқсайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.