Шығыс Қазақстан облысында жер асты дүмпулері сезілді

Министрлік ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1080 шақырымда Ресей аумағында тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендіктің 49 градус 22 минуты, шығыс бойлықтың 87 градус 36 минутында болды.

Өскеменде 2 балл, Зыряновск қаласында 2-3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.