Министрліктің ақпаратына сәйкес, апат 23-ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болған. "Тойота" және "ВАЗ-2109" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы әйел қаза тапты. Екі жүргізуші мен басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.