Шығыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында мерт болып, үш адам ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, "ГАЗ-3110" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2105" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында дүние салып, "ГАЗ-3110" автокөлігінің жүргізушісі мен тағы да екі жолаушы, оның бірі 6 жастағы қыз, ауруханаға түсті.