Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам мерт болды

ТЖМ мәліметінше, 31 наурызда 23 сағат 30 минутта Бақты-Таскескен трассасында "Мерседес" және "Мазда" автокөліктері соқтығысты. "Апат салдарынан екі көлік те жанып кетті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Мазда" көлігінде отырған екі жолаушының аты-жөні анықталған жоқ.