Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі жараланды

Апат 21-қыркүйекте Аягөз ауданында, Қарағанды-Боғаз тас жолының 727-ші шақырымында болды. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан "Ауди" көлігінде отырған бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам, соның ішінде екі жасар бала ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті