Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Өскемен-Шемонаиха тас жолының 18-ші шақырымында болған.
«Жолдың қарсы бтіне шығып кеткен «ВАЗ-21099» көлігі «ВАЗ-21217» көлігімен соқтығысып, бірінші көліктегі 5 жастағы әйел көз жұмды. Көлік салонындағы бес жолаушы түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында 2 айлық шарана, 1 мен 3 жастағы балалар да бар. Екінші көліктегі әйел дәрігерлерге қаралғаннан кейін үйіне жіберілді» делінген хабарламада.