Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Үржар ауылында 2 шілдеде сағат 02.00-де "Опель" автокөлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Соның салдарынан 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болып, 43 және 33 жастағы екі әйел ауруханаға жатқызылды.