Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды



Министрлік ақпаратына сәйкес, жол апаты Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1033-шақырымында 6-қазанда болған. "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан 36 жастағы бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, көлік жүргізушісі мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті