ТЖМ мәліметінше, 8 маусымда 17 сағат 50 минутта Омск - Майқапшағай тас жолында Қалбастау ауылынан бір шақырым жерде "Ауди-80" және "ДЭУ" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "ДЭУ" көлігінде отырған үш жасар қыз мерт болды. "ДЭУ" жүргзушісі мен оның үш жолаушысы, сондай-ақ, "Ауди-80" көлігінің үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.