Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мекеме ақпаратына сәйкес, 10-шілдеде Алматы-Өскемен тас жолының 348-ші шақырымында "Мицубиси" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апатынан бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырса, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен Аягөз ауруханасына жатқызылды. Жолаушылардың бәрі Қытай азаматтары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті