Апат Бородулиха ауданында Ново-Покровка-Вавилоновка бағытындағы автожолдың 33-шақырымында 31-қаңтар күні таңертең болған. "Форд" және "Москвич-2140" автокөліктері соғысты. Апат салдарынан "Форд" автокөлігінің жүргізушісі мен "Москвич" көлігінде отырған 22 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Екінші жүргізуші мен тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.