Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, тағы төртеуі зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковское ауданында Өскемен - Бобровка тас жолының 2-ші шақырымында 13 қазанда сағат 21.39-да "Ауди" және ГАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; ГАЗ көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.