Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді

ТЖМ мәліметінше, 15 маусымда 20 сағат 30 минутта Ақтоғай - Қопа (ШҚО) тас жолында "Мицубиси" көлігі аударылды. Жол апатьынан үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, алтауы , соның ішінде 2 мен 5 жас аралығындағы бес бала ауруханаға жатқызылды.