Шығыс Қазақстан облысында жол көлік апаты салдарынан бір адам қаза болып, сегіз адам жарақаттанды

ТЖМ ақпараты бойынша Өскемен -Самарское көлік жолында 1 маусымда сағат 10.00 "Тойота" және "ВАЗ" автокөліктері соқтығысты. Жол көлік апаты салдарынан "Тойота" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал "ВАЗ" көлігінің екі жолаушысы және "Тойота" көлігінің алты жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.