«Сарыжал-Қайнар» учаскесі (140-266 шақырымдары) барлық көлік түрлері үшін жабылды, деп хабарланған «Қазақавтожол» РМК сайтында.
Сондай-ақ еріген қар суы ағынының күшеюіне байланысты «Алматы-Өскемен» тас жолының «Қалбатау-Айыртау» (973-1050 шақырымдары) бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.