Лариса Гречушникованың айтуынша, жоба "Ауылдан шықпай" деген атауға ие болған. "Ауылдың жұмыссыз әйелдерін жаңа кәсіпке үйретіп, оларға өздерінің жеке істері мен өндірістерін ашуға немесе өз бетінше табыс табуларына жағдай жасайды",- деді ол.
Лариса Гречушникова, бұл жобаның осы тектес басқа жобалардан айырмашылығы ауыл тұрғындарының оқу үшін өз отбасыларын тастап, Өскеменнен ешқайда кетпейтіндігінде: оларды өздерінің туған ауылдарында немесе аудан орталығында оқытады.
Лариса Гречушникованың ақпараттарына сүйенсек, жобаны жүзеге асыру кезінде ауданда 33 әйел оқытылған. Қазір 17 жұмыссыз оқуға жіберілген, олардың 7-уі "тігін - ұлттық киім тігу" мамандығы бойынша оқытылуда.
"Біз жұмыссыз оралман әйелдерді де шетте қалдырмаймыз",- деді Лариса Гречушникова. "Олар мамандықты жергілікті бюджет есебінен алады, сонымен қатар оларға ішіп-жемге кеткен шығындары да төленеді",- деп түсіндірді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті