"Шығыс Қазақстанда иммунитет тапшылығының вирусы аса қорқынышты қарқынмен таралып келеді. Егер былтыр бүтін жыл бойы ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты 43 оқиға тіркелсе, ағымдағы жылдың 8 айында бұл сан 106 болды",- деді маман.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айының басында ВИЧ індетін жұқтырған 300 адам тіркеуде тұрған. Соның ішінде 274 Қазақстан азаматы, сондай-ақ, Ресей, Өзбекстан және Украинадан келген 26 шетелдік бар. ВИЧ індетін жұқтырғандардың 49-ы әйел (16,3%) 251-і ер адамдар (83,7%). 6 адамға СПИД деген диагноз қойылды.
Мамандардың айтуынша, көп жағдайда адамдар (84%) ВИЧ індетін есірткіні тамырға егу арқылы тұтыну салдарынан жұқтырған. 11,6 процентіне вирус жаныстық жолмен жұқты. 3,9 процентінң індетті қалай жұқтырғаны белгісіз. Ең қатерлі топқа жастар жатады. "Індет жұқтырғандардың 70 проценті 20-39 жас аралығындағылар. 80 проценті жұмыссыздар",- деді П.Коллар.
Қыркүйектің басындағы жағдаймен Шығыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 28 адам, соның ішінде СПИД деген диагноз қойылған 4 адам қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті