Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жұмыссыздар саны 17,3% кеміді

Бүгінгі таңда облыс бойынша жұмыссыздар саны 10,1 мың адам. 14 271 жұмыс орны ашылған , оның ішінде өнеркәсіпте - 1368, ауыл шаруашылығында - 1781, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта -1357, білім және денсаулық сақтау саласында - 445, саудада - 3335, көлік және байланыс- 274, басқа салаларда- 3192. Пайда болған тұрақты жұмыс орындарының жалпы санынан 9035-і шағын кәсіпкерлікке тиесілі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еңбекпен қамту мәселелері жөніндегі құзырлы органдар арқылы 16 917 адам жұмысқа орналастырылды. 10 746 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 2140 адам кәсіптік оқуға жіберілді (бұл жылдық тапсырманың 107%).

Департаменттің ақпараты бойынша, кедейлік шегінен тұрмысы төмен жандардың саны 21,5% кеміп, үшінші тоқсанда 60,8 мың адамды құарды.

Жерілікті бюджеттің есебінен мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде 529,4 млн. теңге (53,8 мың адамға) төленді, тұрғын үй көмегі ретінде 60 млн.теңге (8009 отбасына) және балалар жәрдемақысы- 58,7 мың балаға 411 млн. теңге бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қатар қоғамдық ұйымдар, қорлар, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер және ірі компаниялар тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілуде. 2006 жылдың 1 желтоқсан күні 60,7 мың адам 68,4 млн. теңгеге осындай көмек алды.

Сонымен қатар,тұрмысы төмен азаматтарға , жаңа жұмыс орнын ашу мақсатында шағын несие беру көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облыстық тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қоры 2,6 мың адамға, жалпы сомасы 6,946 млн. теңгеге көмек көрсетті, 0,3 млн. теңгеге шағын несие беріліп, бес жұмыс орны ашылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті