Шығыс Қазақстан облысында жылқы үйірін айдап әкеткен барымташылар ұсталды

Шаған ауылында жылқы фермасы бар, бірақ өзі Семейде тұратын бір адамның шаруашылығындағы жылқылар қолды болған. Ұрылар жылқышының жоқтығын пайдаланып үйірді айдап әкеткен.

Тәртіп сақшылары 120 жылқыны жайылымнан бірнеше шақырым жерден тапты. Ал қалған 14 жылқы Саржал ауылынан табылды. Ұрлыққа күдіктілер де осы ауылда қолға түсті.
Полициядағылар тергеу мүддесіне сай ұсталған адамдардың санын ашық айтпай отыр. Бірақ күдіктілерді қарақшылық топ деп атауға болады дегенді жоққа шығармайды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.